inpink logo


    Ербол Аджибаев

    14:47
    автор | дата 19.09.2011
    • 919
    • 2
    • 0
    Проголосовало пользователей: 2
    Жаңаөзен қаласының негізгі іргетасын қалаушылар - бұрғышылар! Олар шын мәнісіне үнемі алғы шетпе болды. Алғашқы барлаудан бастап соңғы пайдалану ұңғысына дейінгі әлденеше мыңдаған метр километрлер - бұрғышылар жолының өлшемі. Солай болды, әлі де бола береді. Осы игілік иесі Өзен бұрғылау жұмыстары басқармасы өз атын туған ел тарихына алтын әріптермен жазды. Ұжым 1970-1980 жылдарда Бүкілодақтық жарыстың төрт дүркін жеңімпазы атанып, ауыспалы Қызыл Туды иеленді. Тек бұл мерзімде 17 миллион 792 мың 550 метр тереңдік қазылды! Ұжым құрылғаннан бастап күні бүгінге дейін 12 687 ұнғыны қазып, пайдалануға тапсырды! Қаламызда Маңғыстау мұнайының 50 жылдығы құрметіне түбек мұнайшылары армиясының даңқты қолбасшысы болған қайраткер Н.Ә.Марабаев даңғылы бойындағы ашылғалы отырған Бұрғышылары аллеясы саланың осы ерлерінің еңбегіне көрсетілген құрмет пен тағзым. Жаңаөзен қаласындағы Н.Марабаев даңғылындағы Бұрғышылар аллеясының салуына үлесін қосқан "Бұрғылау" ЖШС-нің Бақылау Кеңесінің төрағасы Төлеген Аджибаев, "Мұнайшы" Қоғамдық Қорының өкілі Ербол Едилов, Жаңаөзен қаласының әкімі Орақ Сарбопеев, "БатшаҚуан" ЖШС-нің бас директоры Қуаныш Батшабаев, мүсінші-автор Дәурен Досмағамбетов және "ЖерСу" ЖШС.
    ЕЩЁ
    • СКАЧАТЬ